"Қазақстан ұны мұхит асып, АҚШ нарығына шықты": Өнімдер Amazon, Walmart платформаларда онлайн сатылып жатыр
Мұндай сүйінші жаңалықты Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Ведомство алғашқы ...
Қазақстанда 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап интернет арқылы сатылатын тауарларды жеткізумен айналысатын компаниялар салық органдарына арнайы есеп беруге міндеттеледі.
Бұл туралы Қаржы министрлігі бекіткен жаңа бұйрықта көрсетілген.
Құжатқа сәйкес, онлайн тапсырыстарды жөнелтетін, тасымалдайтын және жеткізетін барлық ұйымдар мен сервистер салық органдарына жеткізілген және жөнелтілген тауарлар туралы ақпарат беруге тиіс.
Мәліметтерді мемлекеттік кірістер органының ресми сұранысын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде ұсыну қажет.
Есеп беру міндеті курьерлік қызметтерге, көлік және пошталық компанияларға, логистикалық операторларға, сонымен қатар халықаралық онлайн платформалармен жұмыс істейтін жеткізу сервистеріне де жүктеледі.
Министрлік жаңа есеп беру формасының енгізілуін e-commerce нарығының жыл сайынғы өсуімен және шекарааралық онлайн сатып алулардың артуымен түсіндіреді. Бұл шараның мақсаты – тауар айналымының ашықтығын қамтамасыз ету және шетелден жеткізілетін тапсырыстарға қатысты көлеңкелі схемаларды азайту.
Сонымен қатар, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті интернет-дүкендерден алынған тауарлар дәстүрлі сауда орындарынан сатып алынған тауарлар сияқты қайтаруға жататынын еске салды. Егер тапсырыс кеш жеткізілсе немесе сатып алушы себепсіз қайтарғысы келсе, ол екі апта ішінде тауарды кері өткізіп, ақшасын қайтара алады.
Мұндай сүйінші жаңалықты Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Ведомство алғашқы ...
Парламент палаталарының бірлескен отырысында қаржы министрі Мәди Такиев "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы ...
Қазақстанның қаржы министрлігі былтыр бюджетке ең көп салық төлеген 50 компанияның тізімін жариялады. ...