Қоғамға бағытталған полиция моделін қалай құруға болады?
Қазір полиция – жай ғана құқық бұзушылықпен күресуші күш емес, ол бұқарамен бірлесе отырып, қоғамдық тәртіп пен әділ ...
Ішкі істер министрлігі азаматтарға үндеу жасады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, кейінгі уақытта әлеуметтік желілерде "хайп", лайк немесе түрлі конкурстар үшін жасалатын әрекеттер көбейіп кеткен.
"Кейбір жастар сауда орталықтарында немесе көшеде айғайлап, жартылай жалаңаш жүгіріп, жұртқа кедергі келтіріп, өздерін "шоу" етіп түсіріп жүр. Мұндай әрекеттер үшін заңда жауапкершілік қарастырылған. Жуырда елордада болған осындай оқиға бойынша бір адам 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Лайк жинау үшін жасалған мұндай әрекет батылдық та, креатив те емес. Бұл – қоғамдық тәртіпті бұзу, ар-ұятқа жат қылық", — деді ІІМ өкілі.
Полиция қоғамдық орында жасалған кез келген заңға қайшы немесе ұят әрекетке жол берілмейтінін мәлімдеді.
"Баршаға, әсіресе, жастарға айтарымыз: күмәнді трендтерге ермеңіздер. Өзіңізді де, айналадағы адамдарды да құрметтеңіздер", — деді департамент бастығы — ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Қазір полиция – жай ғана құқық бұзушылықпен күресуші күш емес, ол бұқарамен бірлесе отырып, қоғамдық тәртіп пен әділ ...
Ақмола облысының полициясына сұлулық салонында жұмыс істейтін тұрғын әйел жүгініп, Instagram желісінен шырша сату тура ...
Жоғарғы СотТөрағасы Асламбек Мерғалиев 2025 жылы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларына арналған жоғары сот орга ...