Президент Жер қойнауын пайдалану туралы кодекске өзгерістер енгізу жөніндегі заңға қол қойды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Коде ...
Бұл туралы Ақ үй басшысы CBS News телеарнасына берген сұхбатында айтты.
АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэла басшысы Николас Мадуроның президенттік өкілеттігі аяқталуға жақын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Eadaily агенттігіне сілтеме жасап.
Ол Мадуроның қазіргі лауазамында қалмауы мүмкін екенін жеткізді.
"Мен "иә" деп айтар едім", – деді Трамп.
Дегенмен Ақ үй басшысы АҚШ пен Венесуэла арасында соғыс болуы мүмкін деген нұсқаға күмәнмен қарайтынын жеткізді.
"Менің бұған күмәнім бар. Олай болады деп ойламаймын", – деп атап өтті АҚШ президенті.
Бұған дейін Miami Herald басылымы Ақ үйдің Венесуэладағы әскери нысандарға соққы жасауын мақұлдағанын жазған. Кейін тиісті ақпарат Ақ үйдегі дереккөзге сілтеме жасаған The New York Post басылымында пайда болды.
"Мадуро өткеннің сарқыншағына айналып барады, ал Венесуэла үшін еркін дәуір басталып жатыр. Бірнеше күннен кейін ол туралы өткен шақта айтылатын болады, ал оның әрекеттеріне бағаны тарих береді", – делінген ақпаратта.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Коде ...
Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді. Ресей Федерациясы мен АҚШ президенттері ...
Кездесу бейнебайланыс арқылы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW басылымына сілтеме жасап. Онлайн форматта ...