Қарағандыда анасы 4 жасар ұлын байлап, қолын қайырып, жалғыз тастап кеткен
Қарағандылық ажырасқан ерлі-зайыптылардың 4 жасар ұлы қалған. Бұған дейін сот баланы анасымен қалдырып, әкес ...
Қарағандыда жаппай газ тарту жұмыстары жүріп жатыр. Қалада бесінші газ бөлу кешені пайдалануға берілді. Соның арқасында тағы 2700 жер үй көгілдір отынмен қамтылды. Жаңа желінің ұзындығы 110 шақырым .
Жақында үйіне газ тартып алғандардың бірі — Бораш Сұлтанов. Ол ескі пешті бұзып, заманауи газ жүйесін орнатқан. Енді бұрынғыдай көмір тасып әуре-сарсаңға түспейді.
Бораш Сұлтанов, қала тұрғыны:
- Көңіліміз көтеріліп, жақсы болып қалды. Мына үйдің барлығы таза, ауаның барлығы таза. Бұған дейін біз көмір жағып келдік қой. Көмірді өздеріңіз білесіздер ішінде жанатындары бар, жанбайтыны болады.
Қаланы көгілдір отынмен қамту кезең-кезеңімен іске асып жатыр. Бесінші газ бөлу кешені пайдалануға беріліп, тағы 2700 жеке сектор газдың игілігін көрді. Жалпы қала бойынша алты мыңнан астам үйге газ жетті.
Мұрат Қамалиев, құрылыс бөлімінің басшысы:
- Бірінші үлкен құбырға бердік, одан ортаншы құбырға келді да, аяғында ең төменгі құбырға келеді. Ол дегеніміз мына шкафтар. Біреуінде ол шкафтың 100-150 абонент болады. Осы бесінші кешен бойынша 2700 абонентке дейін газ жеткізілді.
Қазір қаланың Федоров ауданында тағы бір газ бөлу кешенінің құрылысы жалғасып жатыр. Жоба қолданысқа берілсе, тағы 1800 үй көгілдір отынға қосылады.
Денис Выдрин, эколог:
- Күн салқындағанда үйлер жаппай пеш жағады. Желсіз тымық күндері қаланы қою қара түтін басып кетеді. Көбі көмір пайдаланады, ал оның сапасы әрқалай. Ауаны көп мөлшерде ластайды. Қоршаған ортаға, адам денсаулығына өте зиян.
Келер жылы Таугүл және Күнгей шағын аудандарында да газ кешені салынады. Бұл үш мыңнан астам үйді көгілдір отынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді
Авторлары: Руслан Нұрланұлы, Сайлау Игіліков, Аман Хамит
Қарағандылық ажырасқан ерлі-зайыптылардың 4 жасар ұлы қалған. Бұған дейін сот баланы анасымен қалдырып, әкес ...
Қарағандыдағы №10 кәріз коллекторының әбден тозуы жағдайды ушықтырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат п ...
Энергетика министрлігі Орынбор газ өңдеу зауытында болған төтенше жағдайға қатысты ресми түсініктеме берді, де ...