Ауа райына байланысты төрт облыста республикалық жолдар жабылды
Ақмола мен СҚО-да бірқатар автожолда қозғалыс шектелді. Бүгін сағат 08:30-да ауа райының қолайсыздығына байланысты ...
Кейінгі рет өңірде дәл осындай қайғылы жағдай 21 жыл бұрын болған екен.
Маңғыстау облысында мысық тістеген әйел құтырма ауруынан көз жұмды, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Мамандардың айтуынша, 43 жастағы келіншек дер кезінде медициналық көмекке жүгінбеген. Сондықтан науқасты ажалдан арашалап қалу мүмкін болмады деп отыр. Тамыз айында Бейнеу ауданының тұрғынын қаңғыбас мысық маңдайынан тістеп алған екен. Бірақ әйел дәрігерлерге қаралмай, жарақатын өзі емдепті. Бір айдан кейін дерті асқынып, ауыр халде емдеу мекемесіне жеткізілген.
Тиісті көмек көрсетілгенімен науқас үш күннен соң ажал құшқан. Мамандар құтырманың емі жоқ екенін ескертеді. Дегенмен, жануар тістеген немесе тырнаған жағдайда дереу екпе салдырса, аурудың алдын алуға болатынын айтады. Кейінгі рет өңірде дәл осындай қайғылы жағдай 21 жыл бұрын болған екен.
"Белгісіз мысық тістегеннен науқас аудандық аруханаға келіп, медициналық көмекке жүгінген. Сол кезде 23 қыркүйекте құтырма диагнозы қойылып, осы диагноз дәлелденіп, өкінішке орай 26 қыркүйек күні ол адам осы құтырма ауруынан көз жұмды. Себебі бүгінгі күнде құтырма ауруының емі жоқ. Зардап шеккен кезде дер кезінде антирабикалық көмекті алу үшін медициналық көмекке жүгіну қажет", – деді Маңғыстау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлнар Көркінбаева.
Ақмола мен СҚО-да бірқатар автожолда қозғалыс шектелді. Бүгін сағат 08:30-да ауа райының қолайсыздығына байланысты ...
2030 жылға дейін Қазақстанда 1000-ға жуық жолаушылар вагоны жаңартылады 2026 жылы Қазақстанға 91 жаңа жолаушылар в ...
Сеул қаласында Қазақстанға арналған көрме өтіп жатыр. Онда оңтүстіккореялық журналист Ким Сан Ук түсірген ф ...