Заң құрылыс компанияларын емес, адамдарды қорғауы керек – Асхат Аймағамбетов
Депутаттар ұсынған маңызды түзетулердің дені қабылданбаған. Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Құрылыс коде ...
Мәжіліс депутаты Абзал Құспан қоғамды дүрліктірген пікіріне яғни «Тоқал алуды заңдастыру қажет » деген сөзіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Айтуынша, депутат бұл жерде елді дүрліктіру мақсатын көздемеген. Тек журналистің сұрағына жауап берген.
Сондай-ақ ол әрі ол ерте ме, кеш пе бұл мәселе ашыққа шығып, заңдық тұрғыда реттеуді талап ететінін атап өткен.
«Қазақстаннан тыс жерде жүргендігіме байланысты журналист Ербол Сейілханға берген тосын жауабыма кеңірек түсінік беруге қазір мүмкіндігім жоқ. Елге оралған соң айтқан әр сөзім үшін толық жауап беруге дайынмын. Атап айтарым:
1. Бұл жағдайды желеу етіп, елді дүрліктіру, не қоғам назарын басқа мәселеден бұру — менің мақсатым емес. Бұл — журналистің тікелей қойған сұрағына берген жауабым ғана.
2. Мәжілісте бұл мәселе талқыланып жатқан жоқ, және мен сұхбат барысында да оны атап өттім. Депутат ретінде бұл тақырыпты Мәжіліс мінберіне шығару жоспарымда да, ниетімде де жоқ!
3. Бірақ бұл Қазақстанда тоқалдар мен «бастардтар» мәселесі жоқ деген сөз емес. Қоғамдық проблема бар, әрі ол ерте ме, кеш пе, заңдық тұрғыда реттеуді талап етеді» , — дeп жaзғaн өзiнiң facebook пaрaқшaсындa.
Бұған дейін Youtube арналардың біріне берген сұхбатында тоқал алуды заңдастыру қажет екенін айтқан еді.
Депутаттар ұсынған маңызды түзетулердің дені қабылданбаған. Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Құрылыс коде ...
Мәжіліс депутаты Абзал Құспан тоқал алуды заңдастыру қажет екенін айтты. Бұл туралы ол Erbol Seilkhan You ...
Мәжілісте астықты тасымалдаудың өзекті мәселелері туралы комитеттің тақырыптық отырысы өтті. Мәжіліс депутат ...