• 16-12-2025

Қазақстан Авраам келісімдеріне қосылды: Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі еліміздің Авраам келісімдеріне қосылғанын мәлімдеді. Бұл туралы ведомтсвоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Бұл маңызды шешім тек Қазақстан мүддесі үшін қабылданды және республиканың теңгерімді, сындарлы, бейбіт сыртқы саясатының сипатына толық сәйкес келеді.

Авраам келісімдеріне қосылу еліміздің барлық мүдделі мемлекетпен ынтымақтастығын нығайтуға ықпал етеді, яғни Қазақстанның стратегиялық мақсаттарына толық сәйкес.

Қазақстан әрдайым Таяу Шығыстағы қақтығыстың халықаралық құқық нормаларына, БҰҰ тиісті қарарларына және "екі халық үшін екі мемлекет" қағидаты негізінде әділ, жан-жақты әрі орнықты реттелуін қолдайды", — делінген СІМ мәлімдемесінде.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз