• 16-12-2025

Қазақстандықтарға некені тіркеуге қатысты маңызды ақпарат хабарланды

"Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ өкілдері некені тіркеуге қатысты қызметтерді толығымен онлайн түрде рәсімдеуге болатынын хабарлады. Бұл шетелде жүрген азаматтарға да қолжетімді болады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Компания мәліметінше, енді некені тіркеуге байланысты мемлекеттік қызметтерді толығымен онлайн түрде eGov.kz порталы арқылы рәсімдеуге болады.

Қызметтің бұл түрі Қазақстан аумағында ғана емес, шетелде жүрген азаматтарға да қолжетімді.

"Онлайн сервис уақытыңызды үнемдейді — өтініш беру бірнеше минутты ғана алады, ал оның мәртебесін жеке кабинеттен бақылауға болады", — делінген хабарламада.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз