Биыл рақымшылық жасау заңы аясында 338 адам жазадан босатылды
Жоғарғы СотТөрағасы Асламбек Мерғалиев 2025 жылы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларына арналған жоғары сот орга ...
Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили мемлекеттік қаражатты ірі көлемде талан-таражға салғаны үшін 9 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Судья Бадри Кочламазашвили экс-президентті бюджет қаражатын заңсыз жұмсады деп танып, оны бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды. Сонымен қатар, бұл істе Грузияның арнайы күзет қызметінің бұрынғы басшысы Теймураз Джанашия да жауапқа тартылды. Оған қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылып, 300 мың лари (шамамен 110 мың доллар) көлемінде айыппұл салынды.
"Пиджактар ісі" – Михаил Саакашвилидің 2009-2013 жылдар аралығында мемлекеттік бюджеттен 8,8 миллион лари (шамамен 3 миллион доллар) жеке қажеттіліктеріне жұмсағаны туралы іс. Тергеу мәліметінше, ол бұл қаражатты Лондонда қымбат киімдер, соның ішінде жеті пиджак пен кашемир пальто сатып алуға, демалысқа және косметикалық процедураларға жұмсаған.
Айып тағылғанымен, Саакашвили мен Джанашия процесті саяси астары бар деп есептейтінін айтып, кінәсін мойындамады.
Айта кетейік, Михаил Саакашвили қазірдің өзінде басқа қылмыстық істер бойынша 6 жылдық жазасын өтеп жатыр. Ол Сандро Гиргвлианидің өлтірушілерін заңсыз кешірді және депутат Валери Гелашвилиді соққыға жығуға бұйрық берді деген айыппен сотталған.
Жоғарғы СотТөрағасы Асламбек Мерғалиев 2025 жылы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларына арналған жоғары сот орга ...
№45 мекеменің бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іс жабық режимде өтті. Істің жай-жапсары ашық айтылмайды, деп хаба ...
Алматыда заңсыз салынған екі қабатты ғимарат сүріліп жатыр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Қала құр ...