Қазақстанда көлік көп жүретін тасжол қайсы?
Жыл басынан бері жүргізушілер еліміздің ақылы жолдары арқылы 62 миллион рет жүріп өткен. Мұндай деректі ...
ҚазАвтоЖол ауа райының бұзылуына байланысты үш облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Павлодар облысы
Бүгін, 8 қараша сағат 16:00-де Павлодар облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар "Астана-Шідерті-Успенка- РФ шек." 255-416 шақ., (Шідерті ауылынан- Атамекен ауылына дейін) учаскесінде көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады.
Жолды 2025 жылғы 9 қараша сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
Шектеу қойылған жолдар туралы толық ақпаратты www.qaj.kz сайтындағы "Ақпараттық картадан" көре аласыздар.
Сонымен қатар бүгін, 8 қараша сағат 16:30-да ауа райының нашарлауына байланысты келесі республикалық автожолдарда жүк және қоғамдық көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды.
Ақмола облысы
"Астана-Қарағанды-Алматы" автожолының 30-92 шақырым аралығындағы учаскесі (Жібек Жолы ақы алу пунктінен Қарағанды облысының шекарасына дейін).
Қарағанды облысы
"Астана-Қарағанды-Алматы" автожолының 92-164 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақмола облысының шекарасынан Теміртау ақы алу пунктіне дейін).
Жолды 9 қараша сағат 08:00-де ашу жоспарланған. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Жыл басынан бері жүргізушілер еліміздің ақылы жолдары арқылы 62 миллион рет жүріп өткен. Мұндай деректі ...
Елордада қар мен көктайғақтан тазарту жұмысы үздіксіз жүргізіліп жатыр. Қаланың коммуналдық қызметі тәулік бой ...
Бұл туралы Көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 5-6 қараша күндері "Қорғас" шекара маңы ынтымақт ...