• 30-04-2026

Мәскеуге бара жатқан Тоқаевтың бортын шекарадан Ресейдің Су-35 ұшақтары қарсы алды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен бара жатыр. Мемлекет басшысының бортын шекарадан Ресей Қорғаныс министрлігінің Су-35 ұшақтары қарсы алды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Мемлекеттік шекарадан өткен сәттен Мәскеу әуежайына қонғанға дейін Ресейдің әуе кеңістігінде Қазақстан президентінің бортымен бірге РФ Қорғаныс министрлігінің Су-35 ұшақтары қапталдасып ұшты", — делінген хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Aqorda (@akordapress)

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысының 11-12 қарашада Ресей Федерациясына мемлекеттік сапармен баратынын жазған едік.

Сапар барысында Қасым-Жомарт Тоқаев президент Владимир Путинмен келіссөздер жүргізеді.

Сондай-ақ Орал қаласында өтетін ХХІ Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық сессиясына бейнебайланыс арқылы қатысады.

Бұдан бөлек, бірқатар екіжақты маңызды құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз