Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының хабарлауынша, өңірдегі теңіз жағасынан құстардың өлексесі табылған, деп хабарлайды astanatv.kz.
Түпқараған ауданына қарасты Форт-Шевченко қаласы мен Қызылөзен, Аташ және Баутин ауылдарының маңындағы жағалау аймақтарында мониторинг жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде құстардың өлекселері анықталған.
"Бұл жерді аумақтық инспекция, балық инспекциясы және табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері аралап шықты. Тексеру барысында жағалаудың әр жерінен 13 құстың өлексесі табылған. Олардың арасында үйректер, суқұзғындар мен шағала бар. Алайда зертханалық талдау жүргізу үшін үлгілер алу мүмкін болмады. Себебі өлекселер бұзылып кеткен", — делінген хабарламада.
Аумақтық инспекция аудан әкімдігіне құстардың өлекселерінің қалдықтарын шығарып, жою жұмыстарын жүргізу туралы хабарлама жіберген. Мониторинг жұмыстары әлі де жүріп жатыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
TOP
-
Президент Жер қойнауын пайдалану туралы кодекске өзгерістер енгізу жөніндегі заңға қол қойды
30.12 -
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-