Алматы тұрғыны әлеуметтік желіде "жарылыс жасаймын" деп пікір қалдырған
Ол дереу ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Алматының 21 жастағы тұрғыны әлеуметтік желідегі жазб ...
Алматы мәслихаты жеңілдігі бар тәртіппен жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін салық мөлшерлемесін 3%-ға дейін түсіруі мүмкін.
Әкім Дархан Сатыбалды өткізген жиналыста осы мәселені қалалық кеңес қарауына шығару туралы шешім қабылданды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енетін жаңа салық кодексінде жеңілдігі бар тәртіппен жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін салық мөлшерлемесі 4% деп көрсетілген. Алайда жергілікті мәслихаттар оны 2%-ға дейін төмендете алады.
Алматы қалалық әкімдігінің хабарлауынша, Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен кеңесте кәсіпкерлер үшін тиімді мөлшерлемені 3%-ға дейін төмендету мәселесін мәслихаттың қарауына шығару туралы шешім қабылданды.
"Алматы әкімдігі бизнеске қосымша қолдау көрсетуді ұсынып отыр", – деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
Бұл шара шағын және орта бизнес үшін салықтық тұрақтылықты сақтауға, инфляциялық тәуекелдерді азайтуға және B2C сегментін – яғни үй жанындағы дүкендер, шаштараздар, шеберханалар мен тұрмыстық қызмет көрсету орындарын қолдауға мүмкіндік береді.
Әкімдік осы бастама кәсіпкерлердің сенімін арттырып, инвестициялық ахуалды сақтауға және Алматыдағы іскерлік белсенділікті ынталандыруға ықпал етеді деп есептейді.
Ол дереу ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Алматының 21 жастағы тұрғыны әлеуметтік желідегі жазб ...
Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасына жаңа басшы тағайындалды, — деп хабарлайды Massage ...
Кезінде халықтың игілігі үшін іске қосылған ауқымды жоба бүгінде ешкімге керексіз болып қалды. Қала ішінде ...