• 30-04-2026

Шымкент мұнай өңдеу зауытындағы жұмысшылардың қазасы: екі күдікті ұсталды (видео)

Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытында екі жұмысшының қазасына қатысты еңбек қауіпсіздігін бұзды деген екі күдікті ұсталды, деп хабарлайды қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция Шымкенттегі зауыт аумағында екі адамның өліміне әкеп соққан еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін бірқатар жедел-іздестіру шарасы жүргізіліп жатыр. Тергеу аяқталған соң заңға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады.

Еске сала кетейік, биыл тамызда Шымкент мұнай өңдеу зауытында екі адам көз жұмғанын хабарлаған едік. Алдын ала мәлімет бойынша, оқшаулау жұмыстарын жүргізу кезінде автокөтергіш аударылып, салдарынан екі жұмысшы қаза тапқан.

Полиция аталған фактіге байланысты "еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу салдарынан адамдардың қаза болуы" бабы бойынша іс қозғаған.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз