• 30-04-2026

Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барады: Ақорда Тоқаевтың алдағы жұмыс кестесін жариялады

Ақорда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы жұмыс кестесін жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 қараша күні Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтетін Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумына қатысады

Жиын барысында аграрлық саланы дамытудың өзекті мәселелері талқыланады.

14-15 қараша күндері Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің шақыруымен Ташкентке мемлекеттік сапармен барады.

Мемлекеттер басшылары тет-а-тет форматында келіссөз жүргізеді, сондай-ақ президенттердің төрағалығымен Қазақстан-Өзбекстан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысы өтеді.

16 қарашада президент Ташкентте өтетін Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысады.

17-19 қараша күндері Астанаға Эстония президенті Алар Карис мемлекеттік сапармен келеді.

Ақордада мемлекеттер басшылары жоғары деңгейде келіссөз жүргізіп, екіжақты ынтымақтастық перспективасын талқылайды.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз