Президент Үстел теннисінен әлемдік жұлдыздардың қатысуымен өтіп жатқан шоу-матчты тамашалады
Мемлекет басшысы Үстел теннисінен Қазақстан Республикасы Президентінің ашық кубогына барды, деп хабарлайды inbusi ...
Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының жеңімпазы атанды.
Ерлер арасында өткен жекелей сайыстың финалында Кирилл Герасименко мысырлық Омар Ассармен кездесті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Кирилл Герасименко шешуші ойында 4:1 есебімен жеңіске жетіп, Омар Ассардан кеткен есесін қайтарды.
Еске салайық, Кирилл Герасименко мен Омар Ассар 2024 жылғы Париж Олимпиадасының 1/8 финалында да жолыққан еді. Ол кезде мысырлық спортшы жеңіске жеткен болатын.
Мемлекет басшысы Үстел теннисінен Қазақстан Республикасы Президентінің ашық кубогына барды, деп хабарлайды inbusi ...
Үстел теннисінен Алматыда өтетін WTT Contender турниріне қатысатын қазақстандықтар белгілі болды. Бұл тур ...