• 29-04-2026

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары аяқталды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мемлекет басшысының Өзбекстанға мемлекеттік сапары мәресіне жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Президентті "Ташкент-Хумо" әуежайынан Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёев шығарып салды.

Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатыстығанын жазған едік.