Атырау облысында жанар-жағармай май құю бекетінде автобус өртке оранды. Құтқарушылардың арқасында өрт қысқа мерзімде сөндіріліп, оқиғадан зардап шеккендер болмады, деп ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Оқыс оқиға бүгін, 16 қарашада Атырау облысы Доссор кентіндегі жанармай бекетінің аумағында орын алған. Оқиға туралы дабыл 112 пультіне келіп түсті, тез арада ТЖМ күштері мен құралдары жіберілді.
"Өрт сөндірушілердің жедел іс-қимылдары арқасында жанармай құю станциясына оттың одан әрі таралуының алдын алды. Құтқарушылардың үйлесімді жұмысының арқасында өрт қысқа мерзімде сөндірілді", — делінген министрлік хабарламасында.
Төтенше жағдайдан зардап шеккендер жоқ.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
TOP
-
Президент Жер қойнауын пайдалану туралы кодекске өзгерістер енгізу жөніндегі заңға қол қойды
30.12 -
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-