"Қазгидромет" РМК 19 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктердің болжамына сәйкес, бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында көктайғақ болып, күндіз жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с-қа жетеді.
Түнде және таңертең Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп болжанады.
Абай облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі. Облыстың оңтүстік-шығысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с-қа жетеді.
Түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында тұман болады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Алматы облысында оңтүстік-батыс бағыттан солтүстік-шығысқа ойыса жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында соққан желдің екпіні 18 м/с-қа жетеді.
Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында тұман болады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп болжанады.
Астанада 19 қарашада түнде және таңертең тұман түседі.
Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман тұман болады.
Түнде және таңертең Павлодар облысының батысыңда, солтүстігінде, орталығында тұман түседі деп болжанады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында, Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз