• 30-04-2026

Ислам ынтымақтастығы ойындары: Зейнеп Баянова қола медаль иеленді

Қазақстандық балуан Зейнеп Баянова Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз әйелдер күресінен үшінші орынға ие болды, делінген ҚР ҰОК хабарламасында.

Зейнеп 53 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін өткен белдесуде Тәжікстан спортшысы Ватансултон Шакаршоованы 14:3 есебімен жеңді.

Бұған дейін Елена Рыбакина алғаш рет Әлемдік теннис лигасында өнер көрсеткелі жатқанын жазғанбыз.