Қостанайда 2 миллиард теңге жымқырған шенеуніктер ұсталды
Олар медициналық ұйымдармен қажеттілігі төмен құрылғыларды қымбат бағаға сатып алған. Қазіргі уақытта тергеу жалға ...
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров қайғылы жол апатынан кейін қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.
23 қазанда "Самара–Шымкент" тасжолында жол апаты орын алған еді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Тасжолдың 927-шақырымында жүк көлігі мен "Газель" көлігі бетпе-бет соқтығысып, екі жүргізуші және "Газельдегі" 10 жолаушы – барлығы 12 адам, оның ішінде екі жасөспірім оқиға орнында көз жұмды.
Полицияның мәліметінше, Өзбекстан азаматы басқарған "DAF" жүк көлігі Хромтаудан Қарабұтақ бағытында келе жатып, рөлге ие бола алмай қарсы бағытқа шығып кеткен. Салдарынан жолаушылар жүк көлігімен соқтығысты. Оқиғаға қатысты әкімнен кінәліні анықтау туралы сұралғанда, ол тергеу жалғасып жатқанын айтты.
"Бұл мәселе ерекше бақылауда. Үкіметтік комиссия құрылды. Тергеу жүріп жатқанда алдын ала қандай да бір баға бере алмаймыз", – деді Асхат Шахаров.
Әкім алдағы уақытта мұндай апаттардың алдын алу үшін тасжолда бірқатар өзгеріс енгізіліп жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, көлік ағыны өте жоғары, жолдың өткізу қабілеті "тар мойынға" айналған. Күніне 15–16 мың көлік, негізінен жүк машиналары осы учаскеден өтеді.
"Жолды төрт жолаққа кеңейту туралы шешім қабылданды. KazAutoZhol жұмысты бастады. Алғашқы 28 шақырымдық бөлік тапсырылды. Алда тағы алты учаске бар", – деді әкім.
Бұған қоса, жолдағы бақылауды күшейту үшін полиция патрулі артты.
"Полиция департаменті патруль санын 8-ден 20 қызметкерге дейін көбейтті. Тәулік бойы бақылау күшейтіледі", – деді Шахаров.
Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр.
Олар медициналық ұйымдармен қажеттілігі төмен құрылғыларды қымбат бағаға сатып алған. Қазіргі уақытта тергеу жалға ...
Алматының Әуезов ауданында жаппай жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Egemen.kz kris_p_almata парақшасына сілтем ...
Қылмыстық топтың басқа мүшесі бас бостандығынан айырылды. Қазақстан аумағында жұмыс істеген онлайн-казиноның ұйымда ...