22 қарашада Scoot әуекомпаниясының Гонконгтан Сингапурға ұшқан рейсінде портативті аккумулятор қатты қызып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлеуметтік желілерде куәгерлер таратқан ақпаратқа қарағанда, алдымен жолаушылар күйік иісін сезіп, бортсеріктерді шақырған. Экипаж мүшелері өрт сөндіргіш пен мұзды қолдана отырып, жағдайды біраз уақыт бойы бақылауға алған.