Денсаулық сақтау министрлігінде қызметтік борышын өтеу барысында қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанды еске алу құрметі өтті.
Денсаулық сақтау министрлігінде алқа отырысы басталар алдында Астана қаласының 23 жастағы жедел медициналық жәрдем фельдшері Ұлдана Мырзуанның қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқанына орай бір минут үнсіздік жарияланды.
«Еліміз бойынша 100 мыңнан астам медицина қызметкері өз жұмыс орындарында әріптесінің жарқын бейнесін еске алып, құрмет көрсетті. Ол шұғыл жағдайда адамдардың өмірін құтқару үшін өз өмірін қиған болатын.
Ұлдана Мырзуан қаза тапқаннан кейін жоғары мемлекеттік наградамен марапатталды. Ол қызметтік борышын үлгілі орындағаны, ерлігі мен қайсарлығы үшін мемлекет басшысының жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен наградталды», – делінген министрлік хабарламасында.
TOP
-
Президент Жер қойнауын пайдалану туралы кодекске өзгерістер енгізу жөніндегі заңға қол қойды
30.12 -
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-