Алматы тұрғыны әлеуметтік желіде "жарылыс жасаймын" деп пікір қалдырған
Ол дереу ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Алматының 21 жастағы тұрғыны әлеуметтік желідегі жазб ...
Алматының бас ботаникалық бағы алғашқы галантус гүлдегенін хабарлады. Бұл нәзік өсімдіктерді халық арасында бәйшешек деп те атайды, деп жазады Egemen.kz.
Ботаникалық бақ мамандарының айтуынша, әдетте бәйшешектер қаңтар-ақпан айларында гүлдейді. Алайда биылғы қыстың ұзаққа созылуына байланысты олар сәл кешігіп гүлдеген.
«Галантустардың тым осал екенін еске саламыз, сондықтан оларға ұқыпты қарауыңызды, көгалдар мен ашық жерлерде жүрмеуіңізді, әсіресе гүлдерді термеуді сұраймыз», деп хабарлады бақтың баспасөз қызметі.
Айта кетейік, гүлдердің сұлулығын тамашалап, олардың ерекшеліктерімен танысқысы келетіндер үшін ботаникалық бақ арнайы экскурсия ұйымдастырады. Кәсіби гид келушілерге бәйшешектердің өсу аймағын көрсетіп, олар туралы қызықты мәліметтермен бөліседі.
Ол дереу ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Алматының 21 жастағы тұрғыны әлеуметтік желідегі жазб ...
Алматы мәслихаты жеңілдігі бар тәртіппен жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін салық мөлшерлемесін 3%-ға дейін түсір ...
Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасына жаңа басшы тағайындалды, — деп хабарлайды Massage ...