• 30-04-2026

Ақтауда құны 300 млн доллар болатын жаңа теңіз портын салу жоспарланып отыр

Маңғыстау облысында құны 300 миллион доллар болатын жаңа теңіз портын салу жоспарланып отыр. Бұл туралы үкімет отырысында өңір әкімі Нұрдәулет Қилыбай айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Облыс әкімі өзінің баяндамасында атап өткендей, бұл жобаны әлемдегі ең ірі порттардың біріне иелік ететін қытайлық инвестор – Zhonguyun International компаниялар тобы жүзеге асырады.

Қилыбайдың айтуынша, инвестициялық жобаның құны 300 миллион долларға бағаланып отыр. Қазіргі уақытта инвестор компанияны өңірде тіркеп қойған, енді инвестициялық келісімге қол қою үшін құжаттар дайындап жатыр.

"Жоба "Қытай – Қазақстан – Ақтау – Баку – Поти – Еуропа" жаңа халықаралық көлік дәлізін қалыптастыруға ықпал ететін болады. Оны жүзеге асыру жүктерді жеткізу мерзімін 7-15 күнге қысқартуға, көлік шығындарын 18-25 пайызға төмендетуге, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді", — дейді Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз