• 30-04-2026

Астанада мыңдаған адам жоғалып кеткен 10 жасар қызды іздеді

Астанада кеше кешкі уақытта 10 жасар қыз жоғалып кетті. Жасөмпірімді іздеуге мыңдаған қала тұрғыны шықты, деп елордалық ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, 10 жасар қыздың жоғалып кеткені туралы хабар 22 қарашада келіп түскен. Ол туған күн кешінен кейін топтан бөлініп кетіп, сол күйі үйіне оралмаған.

Ведомство ұйымдастырылған ауқымды іздестіру іс-шарасына мыңдаған Астана тұрғыны қатысқанын хабарлады.

"Іздеуге еріктілер, елорда тұрғындары, Ұлттық ұлан қызметкерлері және елордалық полиция гарнизонының барлық жеке құрамы қатысты. Суық ауа-райын ескере отырып, баланың ықтимал қозғалыс аймақтарын мүмкіндігінше тез тексеру үшін қосымша күштер мен ресурстар жұмылдырылды", — делінген полиция хабарламасында.

Нәтижесінде қыз қалалық жолаушылар көлігі қызметкерінің қалдырған хабарламасы арқылы табылды. Жасқспірім ата-анасына аман-есен табысталды.

Тәртіп сақшылары ата-аналарды балалардың мінез-құлқына назар аударуға, олардың орналасқан жері мен қозғалыс бағыттарын бақылауға шақырды.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз