Сырттан келетін өнімге тым тәуелдіміз, бұған жол беруге болмайды – Қасым-Жомарт Тоқаев
Шетелдік бақылаушылар мен мамандар "Қазақстанда табысты бизнеспен айналысуға қолайлы жағдай жасалған" деп ашық айтып о ...
Президент біз нағыз кәсіби Парламентті жасақтауымыз керек екенін айтты.
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
«Заң шығару органына білікті әрі тәжірибелі мамандар, яғни өз ісінің майталмандары келуге тиіс. Бір сөзбен айтқанда, біз нағыз кәсіби Парламентті жасақтауымыз керек.
Жаңа комитеттер құру мәселесін қарастыру қажет. Цифрландыру, аймақтарды дамыту жұмысымен айналысатын комитеттер өз алдына бөлек болғаны жөн деп санаймын. Бұл мәселелерді арнайы жұмыс тобы мұқият зерделейді. Осы реформаға қатысты басқа да көптеген ұсыныстар бар. Соның бәрін әбден пысықтап, кейін жариялаймыз. Менің де осы аса маңызды реформа бойынша ұсыныстарым бар», — деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, Конституциямызға енгізілетін түзету өте көп болуы мүмкін.
«Сондықтан референдум барысында халық жаңа Ата Заңға дауыс беретін болады деп айтсақ, қателеспейміз.
Осындай күрделі, жауапты жағдайда елімізде тыныштық, тұрақтылық болуы керек. «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын бәріміз бір қоғам болып сақтауымыз керек. Құқық қорғау органдары өз кәсібилігін көрсетуі қажет. Арандатушыларға немесе «лас, көлеңкелі» саясатпен айналысқысы келетін адамдарға жол бермейміз».
Шетелдік бақылаушылар мен мамандар "Қазақстанда табысты бизнеспен айналысуға қолайлы жағдай жасалған" деп ашық айтып о ...
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияны тұрақтандыруды және төмендетуді, экономиканың орнықты өсімін қамтама ...
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлік жүк авиахабтарын дамыту жөнінде кеңесте осындай тапсырма берді, деп ха ...