• 09-12-2025

Астанада 29 қарашадан бастап үш жаңа қоғамдық көлік бағдары іске қосылады

Астанада 29 қарашадан бастап қоғамдық көліктің желісіне үш жаңа маршрут қосылады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ CTS-ке сілтеме жасап.

Бағдарлар бағыттары:

  • № 65 бағдар – Болашақ көшесі – "Отау" шағын ауданы;
65 маршрут сызбасы: CTS
  • № 68 бағдар – "Газмашаппарат" АҚ – "Бағыстан" тұрғын үй кешені;
68 маршрут сызбасы
68 маршрут сызбасы: CTS
  • № 78 бағдар – Ұлттық шұғыл медициналық үйлестіру орталығы – № 64 мектеп-лицейі қатынасы бойынша жүреді.
78 маршрут сызбасы
78 маршрут сызбасы: CTS

Жаңа бағдарлар елорданың бірқатар маңызды нысаны арқылы жүреді.

Мысалы, №65 бағдар жаңадан ашылған С.Шаймерденов көшесімен қатынайды, №68 бағыты "Бағыстан" ТК қаланың оң жағалауымен байланыстырып, К.Әзірбаев және М.Жұмабаев көшелерін қоғамдық көлікпен қамтамасыз етеді.

"Жаңа бағыттардың жұмысы жолаушылар тасымалының сапасын арттыруға және қоғамдық көлікпен қамтуды жақсартуға бағытталған", — делінген CTS хабарламасында.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз