• 09-12-2025

29 қарашада еліміздің басым бөлігінде тұман болып, боран соғады деп болжанады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2025 жылғы 29 қараша, сенбіге арналған Қазақстан аумағы бойынша ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Метеорологтар ұсынған мәліметке сәйкес, еліміздің басым бөлігі жауын-шашынсыз ауа райына ықпал ететін антициклонның әсерінде болады.

"Сонымен қатар, еліміздің батысында, солтүстігінде және шығысында циклон ойпаттары мен жылжыған атмосфералық фронтальды бөліктер салдарынан жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді депкүтіледі". "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі

Сонымен қатар, Қазақстанның басым бөлігінде тұман болып, жел екпін алады деп болжанады.

Бұған дейін синоптиктер 2025 жылдың 29 қараша – 1 желтоқсан аралығындағы ауа райы болжамын жариялаған болатын.