Ақтөбеде ұлттық дәстүрді ұлықтаған фестиваль өтті
Ақтөбеде ұлттық дәстүрді ұлықтаған «Сыбаға –2025» этнофестивалі өтіп жатыр. Үш күнге созылған іс-шарада қолөнер бұйы ...
Сот шешімі бойынша 43 жастағы Ақтөбе тұрғыны алты ай мерзімге бас бостандығынан айырылды және өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылды.
Ақтөбеде такси жүргізушісімен жанжалдасып, оның көлігін айдап әкеткен тұрғын алты айға бас бостандығынан айырылды және өмір бойына жүргізуші куәлігінен айыру жазасына ұшырады. Бұл оқиға туралы жергілікті "Диапазон" порталы жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқиға "Теплосеть-2" бау-бақша ұжымында болған. 43 жастағы Ақтөбе тұрғыны досымен ішімдік ішіп, такси шақырған. Жолда ұйықтап қалған клиент көліктің межелі жеріне жеткен соң, ақша төлеуден бас тартқан.
Тергеу мәліметі бойынша, жүргізуші ашуланып, жолаушыны үйіне алып кетпек болған, бірақ жолда төлем жасамаса, көліктен түсуді талап еткен.
Клиент таксистті мойнынан ұрған, содан кейін екеуі де көліктен шыққан. Такси жүргізушісі төбелестен қашқақтау үшін кері шегінген сәтте, клиент оның Mitsubishi Lancer көлігінің рөліне отырып, айдап кеткен.
Таксист бірден полицияға хабар берген. Патрульдік экипаж ұрланған көліктің соңынан түсіп, бірнеше рет тоқтауды талап еткенімен, жүргізуші талаптарды елемеген. Көлік алдына басқа автокөлік тұрып қалғаннан кейін ғана тоқтаған.
Ұсталған жолаушыға бірден бірнеше айып тағылды:
1. Көлікті айдап кету (угон).
2. Мас күйінде көлік жүргізу (ол ішімдік ішкен).
3. Құқығы жоқ жүргізу (оның жүргізуші куәлігі бұрын алынған).
Сотта ер адам 2 мың теңге төлеп, қалған 680 теңгені таңертең аударамын дегенін, бірақ таксист оны битамен ұрғандықтан айдап кетуге мәжбүр болғанын айтып ақталған. Алайда, бұл сөздерге ешқандай дәлел табылмады, таксисттің қолында бита да болмаған.
Ақтөбеде ұлттық дәстүрді ұлықтаған «Сыбаға –2025» этнофестивалі өтіп жатыр. Үш күнге созылған іс-шарада қолөнер бұйы ...
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров қайғылы жол апатынан кейін қабылданып жатқан шаралар туралы айтты. 23 қаз ...
Үкіметтік жұмыс тобы Ұлытау және Ақтөбе облыстарының жылыту маусымына дайындығын тексерді. Алдымен Премье ...