Оңтүстік-Шығыс Азиядағы күшті теңіз дауылы соғып, салдарынан 4 миллионнан астам адам зардап шеккен, деп хабарлайды Sky News телеарнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Телеарнаның мәліметінше, Малакка бұғазынан басталған тропикалық дауыл, Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне ойысқан.
Салдарынан Индонезия мен Таиландтағы су тасқыны мен көшкіннен қаза тапқандар саны 600-ден асқан. Көршілес Шри-Ланкада да циклоннан кейін 200-ден астам адам қаза тапқаны хабарланған.
"Малакка бұғазынан бастау алған тропикалық дауылдың салдарынан 4 миллионнан астам адам – Таиландта шамамен 3 миллион және Индонезияның батысында 1,1 миллион адам зардап шекті. Индонезияның құтқару қызметтері батыстағы Суматра аралына апаратын жолдар жабылып қалғандықтан, адамдарға көмек көрсету үшін тікұшақтарды пайдаланып жатыр.
Телекоммуникациялық инфрақұрылымның зақымдануы байланысты қиындатты, көп аумақтың сыртқы әлеммен байланысы үзіліп қалды", — деп хабарлады телеарна тілшілері.
Ал Таиландтың ең үлкен провинциясы Сонгкхлада 335 мм жауын жауған, бұл соңғы 300 жылдағы ең жоғары жоғары көрсеткіш. Бұған дейін бір күнде осыншама жауын жаумаған.
Бірнеше күнге ұласқан жаңбырдан кейін елдің метеорологиялық қызметтері тропикалық дауыл мен жаңбыр туралы ескертулерді алып, елдің көп бөлігінде күн ашық болатынын хабарлаған.
Дегенмен төтенше жағдайлармен күрес ұлттық агенттігінің мәліметінше, шамамен 18 700-дей адам әлі де эвакуациялау орталықтарында қалып отыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз