Енді қытайлықтар Ресейге визасыз кіре алады
Ресей Қытай азаматтарына ел аумағына туристік, іскерлік және бірқатар гуманитарлық мақсаттармен визасыз кіруге мүмкі ...
Мұндай мәліметті Аньхой провинциясының статистика бюросы жариялап отыр.
Қытайдың 18-інші қаласында тұрғындар саны 10 миллионға жеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Lianhe Zaobao басылымына сілтеме жасап.
Ресми деректерге сәйкес, 2024 жылдың соңына қарай Аньхой провинциясында тұрақты халқы саны 61,23 миллион адам болып, өткен жылмен салыстырғанда 20 мың адамға көбейген. Провинциядағы туу коэффициенті – 6,17%, өлім коэффициенті – 8,41%, табиғи өсім көрсеткіші – -2,24% болған.
Провинция орталығы Хэфэйдің тұрақты тұрғындарының саны 10 миллион адамнан асқан. Осылайша, қала тарихында халық саны тұңғыш рет осы межені бағындырып отыр.
Хэфэй – Қытайдағы халық саны 10 миллионнан асқан 18-ші қала.
Ресми статистика мәліметтерінде (2024 жылдың қорытындысы – ред.) Қытайда халқы 10 миллионнан асатын 17 қала болған. Олар – Чунцин, Шанхай, Бейжің, Чэнду, Гуанчжоу, Шэньчжэнь, Ухань, Тяньцзинь, Сиань, Сучжоу, Чжэнчжоу, Ханчжоу, Шицзячжуан, Линьи, Дунгуань, Чанша және Циндао. Енді бұл қатарды Хэфэй толтырды.
Ресей Қытай азаматтарына ел аумағына туристік, іскерлік және бірқатар гуманитарлық мақсаттармен визасыз кіруге мүмкі ...
Аталған халықаралық чемпионатқа Қытай, Ресей, Үндістан секілді 9 елден барлығы 137 команда қатысқан. Қытай Ха ...
Бұл туралы Көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 5-6 қараша күндері "Қорғас" шекара маңы ынтымақт ...