Алматыда жаңа жылдық отшашуды қайдан тамашалауға болады?
Жылдың соңғы кешінде Алматы жарқын мерекелік атмосфераға бөленеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 3 ...
Оқиға Алатау ауданында болған.
Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінің ауласында ер адамның баланы тепкен сәті бейнебақылау камерасына түскен, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Видеодан ер адамның балалар ойнайтын алаңға жүгіріп барып, бар күшімен баланы тепкенін көруге болады. Бала құлаған сәтте ер адам оқиға орнынан кетіп қалған.
Алматы полиция департаментінің мәліметінше, Алатау аудандық полиция басқармасы бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғады.
Күдікті дереу ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
– Балаларға қатысты мұндай әрекеттерге жол берілмейді және олар заң аясында қатаң түрде тоқтатылады. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу полиция департаменті басшылығының бақылауында, – делінген хабарламада.
Ал, балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева оқиғаға қатысты түсінік беріп, зардап шеккен балаға тиісті көмектің бәрі көрсетілетінін айтты.
Жылдың соңғы кешінде Алматы жарқын мерекелік атмосфераға бөленеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 3 ...
Қазір полиция – жай ғана құқық бұзушылықпен күресуші күш емес, ол бұқарамен бірлесе отырып, қоғамдық тәртіп пен әділ ...
Ақмола облысының полициясына сұлулық салонында жұмыс істейтін тұрғын әйел жүгініп, Instagram желісінен шырша сату тура ...