"Чемпионға 300 мың доллар табысталады": бокстан Дубайдағы әлем чемпионатында ел намысын кім қорғайды
Бокстан 3-13 желтоқсан аралығында Дубайда өтетін әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан ерлер командасының тізімі жарияланды. Бұл туралы еліміздің бокс федерациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Федерацияның мәліметінше, Қазақстан ерлер командасы Ташкент қаласындағы бірлескен оқу-жиынын қорытындылап, санаулы күнде Дубай шаһарына аттанады.
Команда бас жаттықтырушы Қайрат Сәтжановтың жетекшілігімен жасақталған.
Дубайдағы әлем біріншілігінде бақ сынайтын қазақ боксшылары:
- 48 келі. Теміртас Жүсіпов;
- 51 келі. Даниял Сәбит;
- 54 келі. Сәкен Бибосынов;
- 57 келі. Оразбек Асылқұлов;
- 60 келі. Серік Теміржанов;
- 63.5 келі. Ертуған Зейнулинов;
- 67 келі. Санатәлі Төлтаев;
- 71 келі. Абылайхан Жүсіпов;
- 75 келі. Сабыржан Аққалықов;
- 81 келі. Ерасыл Жақпеков;
- 86 келі. Дәулет Төлемісов;
- 92 келі. Нурмагамед Юсупов;
- +92 келі. Нұрлан Сапарбай.
1bol.kz порталының жазуынша, халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастыратын бұл әлем чемпионаты тарихтағы ең ірі жүлде қорымен ерекшеленеді – чемпионға 300 мың доллар табысталады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan)
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз