Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Румыния басшысы Никушор Данды елдің ұлттық мерекесі – Бірігу күнімен құттықтап, ресми жеделхат жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жеделхатта Мемлекет басшысы екі ел арасындағы саяси диалогтың тұрақты дамып келе жатқанын атап өтті. Сонымен бірге Қазақстан мен Румынияның экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығының кеңейіп отырғанына назар аударылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев өзара ықпалдастық алдағы уақытта да халықтардың игілігі үшін тереңдей түсетініне сенім білдірді.
Президент Никушор Данға жауапты қызметінде табыс, ал румын халқына береке-бірлік пен өсіп-өркендеу тіледі.