Қазақстанда көлік бағасы қалай өзгереді?
Қазақстанның автокөлік одағы президенті Анар Мақашева алдағы жылы елдегі автокөлік бағасына қатысты болжамын жарияла ...
Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету реформасы шеңберінде Денсаулық сақтау министрлігі баға белгілеудің жаңа жүйесін енгізді. Осының нәтижесінде елдегі дәрі-дәрмек бағасы 50%-дан 300%-ға дейін төмендеп, жалпы үнемдеу 36 млрд теңгеден асты. Бұл туралы Үкімет отырысында сала министрі Ақмарал Әлназарова айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өндірушінің бағасын тіркеудің бірыңғай тәсілі, маркетингтік және көлік үстемелерін алып тастау, генериктерге бағаны 30%-ға төмендету, сондай-ақ халықаралық рефераттау объективті шекті бағаларды қалыптастыруға және негізсіз қымбаттауды болдырмауға мүмкіндік береді.
Мысалы, Иматиниб дәрісі 9 450 теңгеден 2 348 теңгеге дейін, Бевацизумаб 360 000 теңгеден 77 000 теңгеге дейін арзандаған.
Дәрі-дәрмектерді сатып алу шеңберінде қымбат онкологиялық препараттарды қоса алғанда, 66 позиция бойынша бағаның төмендеуіне қол жеткізілген.
Отандық жетекші фармацевтикалық өндірушілер жаңа қағидаларды қолдады. «Нобель АФФ», «Абди Ибрагим Глобал Фарм», «Химфарм», «Kelun-Kazpharm» компаниялары және басқалары жеткізілетін препараттардың бағасын бейімдеп, желісін кеңейтті.
Үнемделген қаражат қымбат емдеуді қажет ететін пациенттерді қамтамасыз етуге жұмсалады.
Қазақстанның автокөлік одағы президенті Анар Мақашева алдағы жылы елдегі автокөлік бағасына қатысты болжамын жарияла ...
Мұндай болжамды Қазақстан автокөлік одағы мәлім етті. 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде жаңа автокөліктерді ...
Қолданбалы экономиканы зерттеулер орталығының сарапшылары тұрғын үй нарығына қатысты жаңа бағалау ұсынды. Олардың ай ...