• 07-12-2025

Қазақстанда доллар бағамы күрт төмендеді

Қазақстанда доллардың 2 желтоқсандағы бағамы белгілі болды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

KASE Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 508,20 теңге болып, 4,8 теңгеге төмендеді. Айта кетейік, Ұлттық банктің 2 желтоқсанға белгілеген ресми бағамы — 513,45 теңге.

kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар бағамы мынадай:

Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде:

  • сатып алу- 508,09 теңге,
  • сату — 510,63 теңге.

Астанадағы ақша айырбастау пунктерінде:

  • сатып алу — 506,44 теңге,
  • сату — 512,44 теңге.