Биыл рақымшылық жасау заңы аясында 338 адам жазадан босатылды
Жоғарғы СотТөрағасы Асламбек Мерғалиев 2025 жылы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларына арналған жоғары сот орга ...
Әйел әкімшілік жауапқа тартылды.
Қызылордада кәмелетке толмаған баласына рөлді берген анаға 55 мың теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабының 3-бөлігімен азаматша К.-ге қатысты іс қаралды.
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, азаматша К.-ның кәмелетке толмаған ұлы Қызылорда қаласында көлік құралын басқаруға құқығы жоқ күйінде автокөлік басқарған. Осылайша, азаматша К. ата-ананың міндеті кәмелеттік жасқа толмаған ұлын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамай, ұлының әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар іс-әрекетке жасауына жол берген", – делінген сот таратқан ақпаратта.
Сот қаулысымен азаматша К. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 55 048 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Жоғарғы СотТөрағасы Асламбек Мерғалиев 2025 жылы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларына арналған жоғары сот орга ...
Қазақстанда ауа райының күрт нашарлауына байланысты маңызды жол учаскелерінде көліктің барлық түрі үшін шектеу енгіз ...
Қазақстанның автокөлік одағы президенті Анар Мақашева алдағы жылы елдегі автокөлік бағасына қатысты болжамын жарияла ...