Алматыда жаңа жылдық отшашуды қайдан тамашалауға болады?
Жылдың соңғы кешінде Алматы жарқын мерекелік атмосфераға бөленеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 3 ...
Жоқ пәтерлерді жалға берген алматылық жігіт ұсталды.
Ішкі істер министрлігі ведомстволық сайтының мәліметінше ол азаматтарды интернет-платформаларда жалған хабарландырулар орналастыру арқылы алдап келген. Алматы қаласы Алмалы ауданының полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Тергеу мәліметінше ол шын мәнінде жоқ пәтерлерді жалға беру туралы ойдан шығарылған ұсыныстарды жариялап, тұрғындардан алдын ала төлем, кейбір жағдайларда тіпті толық жалдау ақысын да алған. Бүгінде полицейлер оның заңға қайшы әрекеттерінің шамамен 30 эпизодын анықтады", – дейді полицейлер.
Қазіргі уақытта күдіктінің өзге де ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
"Күдікті жолға қойылған схема арқылы әрекет етіп, азаматтардың сенімін теріс пайдаланған. Біз жәбірленушілердің толық шеңберін анықтау бағытында жедел іс-шараларды жалғастырып жатырмыз. Қала тұрғындарын онлайн мәмілелер жасағанда, әсіресе пәтер жалдауға қатысты келісімдерде аса мұқият болуға шақырамыз", – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Пшан.
Жылдың соңғы кешінде Алматы жарқын мерекелік атмосфераға бөленеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 3 ...
Ақмола облысының полициясына сұлулық салонында жұмыс істейтін тұрғын әйел жүгініп, Instagram желісінен шырша сату тура ...
Тауда жоғалған үш адамның бірі қаза болды. Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті таулы аймақта іздестіру ...