"Сатып кетті": Жақындарынан опық жеп қалған Айгүл Иманбаева елге жан сырын ақтарды
Танымал актриса Айгүл Иманбаева желіде жақындарының сатып кеткенін айтып, жан сырын ақтарды. Бұл туралы Car ...
77 жыл бұрын (1948-2021) Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ғазиза ӘБДІНӘБИЕВА дүниеге келді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Қызылорда облысының Сырдария ауданында туған. 1970 жылы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген.
1969-1993 жылдары Қазақ жастар мен балалар театрының актрисасы болған. 1993-2021 жылдары М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы болып еңбек еткен.
Б.Майлиннің «Шұғасында» Шұға, Ш. Айтматовтың «Арманым, Әселімде» Әсел, А. Чеховтың «Шағаласында» Аркадина, Р. Мұқанованың «Мәңгілік бала бейнесінде» Кәләй, С. Балғабаевтың «Ғашықсыз ғасырында» Райхан, М. Әуезовтің «Қаракөзінде» Мөржан, У. Шекспирдің «Гамлетінде» Гертруда және тағы басқада рөлдерді сомдады. «Тоғысқан тағдырлар» (Роза) және «Қарашегіртке» (Марго) телесериалдарына, «Ләйләнің намазы», тағы басқа көркем фильмдерге, балаларға арналған телебағдарламаларға түскен. Гастрольдік сапармен Германия, Ресей, Иран және Қазақстанның бірқатар қалаларында өнер көрсеткен.
Танымал актриса Айгүл Иманбаева желіде жақындарының сатып кеткенін айтып, жан сырын ақтарды. Бұл туралы Car ...
Актриса Фариза Ескермес ана болуға байланысты ішкі алаңдаушылығын ашық айтып, жұртшылық назарын аударды. Ол Ай ...
Осыдан 96 жыл бұрын (1929) әнші, КСРО және ҚР халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, КСРО және Қазақстан м ...