Жас футболшылар тарихи нәтиже тіркеді
Қазақ жастары, нақтырақ айтқанда, 17 және 19 жасқа дейінгі ұлттық құрамамыз футболдан алғаш рет Еуропа чемп ...
Қазақстандық пара биатлоншы Ербол Хамитов 2024-2025 жылғы маусымның қорытындысы бойынша Әлем кубогының жалпы есебінде жеңіске жеткен алғашқы қазақстандық спортшы атанды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасаған Skifnews.kz.
11 наурызда Швецияның Торсби қаласында маусымның соңғы жарысы – спринт өтті. Ербол бұл жарыста екінші орын иеленіп, маусым бойы жинаған ұпайларының арқасында Хрусталь глобусқа қол жеткізді.
Бұл маусымда Ербол бірнеше маңызды жеңіске қол жеткізіп, жалпы есепте 1005 ұпай жинады. Сонымен қатар ол биатлоннан әлем чемпионатында алтын медаль иеленді.
Айта кетейік, Хрусталь глобус Қазақстанға 31 жылдан кейін бұйырып тұр. Хрусталь глобусты соңғы рет яғни, 1994 жылы шаңғышы Владимир Смирнов (1990/1991 және 1993/1994 жылғы маусым) иеленген болатын.
"Қазақстан үшін қысқы спорт түрлерінде Әлем кубогының жалпы есебінде жеңіске жету – өте сирек кездесетін және аса маңызды оқиға. Бұл жетістік – Қазақстан пара спортындағы жаңа белес. Енді басты мақсат – 2026 жылы Италияда өтетін Қысқы Паралимпиадада жеңіске жету", — делінген министрлік хабарламасында.
Ербол Хамитов – Қазақстанның пара биатлон және пара шаңғы спортындағы ең табысты спортшыларының бірі. Оның жетістіктері:
Пара биатлон:
Пара шаңғы:
Қазақ жастары, нақтырақ айтқанда, 17 және 19 жасқа дейінгі ұлттық құрамамыз футболдан алғаш рет Еуропа чемп ...
Таеквондодан Қазақстан құрамасының өкілі Бауыржан Хасенов Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ы ...
Елордада Қазақстан мен Бельгия құрамалары арасында футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу матчы өті ...