• 07-12-2025

Жаңа энергия компаниялары үшін электр энергиясының шекті тарифтері бекітілді


Энергетика министрі 2025 жылғы 28 қарашадағы бұйрығымен электр энергиясына арналған шекті тарифтерге толықтырулар енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.


Атап айтқанда, жаңа энергия компаниялары үшін шекті тарифтер бекітілді:

  • 64-топ – 1 кВтсағ үшін 30,02 теңге;
  • 65-топ – 1 кВтсағ үшін 30,20 теңге;
  • 66-топ – 1 кВтсағ үшін 29,65 теңге.

Бұйрық 2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.

Бұған дейін энергия өндіруші ұйымдар тізімі жаңа компаниялармен толыққан болатын:

"Sintra Energy" ЖШС (64-топ), "KAZ GREEN ENERGY" ЖШС (65-топ) және "Aktobe Energy Gaz" ЖШС (66-топ).

Осыған байланысты жаңа нарық субъектілері үшін тиісті шекті тарифтер белгілеу жоспарланған еді.