ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Алматыдағы жол апатында қаза тапқан 23 жастағы фельдшер Насиба Жаңабаеваның жақындарына қайғыра көңіл айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министр Instagram-дағы парақшасында қайғылы оқиға қызметтік міндетін атқару кезінде орын алғанын жазды.
"Насиба небәрі 23 жаста еді, төрт ай бұрын ғана Алматы қаласының Жедел жәрдем қызметіне жұмысқа тұрған болатын. Осы қысқа уақыт ішінде ол өз міндетіне жауапты, адал, жанашыр, әрқашан көмек көрсетуге дайын медицина қызметкері ретінде танылды. Насиба Мұхтарқызының туған-туыстарына, жақындарына, әріптестеріне және Алматының бүкіл медициналық қауымдастығына қайғырып көңіл айтамын",- деп жазды ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Акмарал Альназарова (@akmaralalnazarova)
Бұған дейін 2025 жылдың 3 желтоқсанына қараған түні Алматыда жедел жәрдем көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болғандығы хабарланған болатын. Апат салдарынан екі көліктің жүргізушілері мен жолаушылары зардап шекті.