Ақтауда 7-сынып оқушысына зорлық жасалғаны туралы ақпарат тарады
Ақтауда жетінші сынып оқушысы бірнеше рет жоғары сынып оқушылары тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшырап, болған ...
8-ші сыныптың 50 оқушысы Әділет жобасына қабылданды.
Астаналық оқушылар заң мен құқықты тереңдетіп оқитын болды. "Заң және тәртіп" идеологиясын іске асыру шеңберінде бүгін елордадағы 97-ші мектеп-гимназиясында "Әділдік алаңы" кабинеті ашылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Онда оқушылар 8-ші сыныптан бастап конституциялық құқықты жетілдірілген тәсілмен оқи бастайды. Яғни осы жоба арқылы мектеп басшылығы теориялық білімді тәжірибемен ұштастыруға ниетті. Бұл мақсатта бүгін Мақсұт Нәрікбаев атындағы заң университеті, Еуразия ұлттық университеті және Есіл университеттерімен меморандум жасалды. Сондай-ақ, 8-ші сыныптың 50 оқушысы Әділет жобасына қабылданды. Шараға қатысқан қадағалаушы орган өкілдері бұл бастама балалардың құқықтық мәдениетін, жауапкершілігін және заңға деген құрметін қалыптастыруға негіз боларына сенімді.
Ақтауда жетінші сынып оқушысы бірнеше рет жоғары сынып оқушылары тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшырап, болған ...
Тәуелсіздік күні қарсаңында Павлодар қаласының мектептерінде тарих апталығы өтті. Викторина, пікірсайыс алаңд ...
Ресейде білім алу қандай мүмкіндіктерге жол ашатынын айтып береміз. Бүгінгі таңда Ресейдің жоғары оқу орындарында ...