Президент Таиланд Короліне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Маха Вачиралонгкорнды Таиланд Корольдігінің Ұлттық мерекесімен құттықтады. Президент Аст ...
Келер жылдан бастап Қазақстанда жаңа салық кодексі күшіне енеді. Ол кәсіпкерлер үшін бірқатар өзгеріс әкеледі. Бұрынғы жеті салық режимінің орнына енді үш түрі қалады. Олар өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға, шағын бизнеске және шаруа қожалықтарына арналған жеңілдіктер.
Жаннұр Момыш екі жыл бұрын кондитерлік цех ашқан. Табиғи өнімдерден тәтті тағамдар жасайды. Арнаулы салық режимдерін оңтайландыру оның кәсібіне үлкен қолдау болады деп сенеді.
Жаннұр момыш, кәсіпкер:
- Ғамараттың ақшасы, қызметкерлердің жалақысы, одан бөлек шикізаттың ақшасының бәрін шегерген кезде кәсіпкерлердің пайдасы аз қалады. Егер салықтық режимді жеңілдетіп, 3%-тен 2%-ке түссе, соның өзі әрбір кәсіпкерге үлкен көмек болар еді деп мен өзім нақты ойлаймын.
Мауе Сейдалиева, облыстық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бөлім басшысы:
- Жергілікті өкілді органдар 50%-тен аспайтын мөлшерлемеде төмендетуге немесе арттыруға құқық берілген. Бұл Мемлекет басшысының бастамасын қолдап, Қызылорда облысының жергілікті өкілді органдары, яғни мәслихаттары салық мөлшерлемесін 4%-тен 2%-ке төмендету туралы оң шешім қабылдады.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар да арнаулы режиммен жұмыс істей алады. Бұл тізімде қызметтің 40 түрі бар. Жалдамалы жұмысшысы жоқ, айлық табысы 300 айлық есептік көрсеткіштен аспайтындар осы жеңілдікті пайдаланады.
Гүлсара Қарымсақова, облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы:
- Яғни ол жерде жеке табыс салығы жоқ, кәсіпкер болып тіркелмейді. Оның ішінде бекітілген 40 қызмет түрі болғандықтан, таксист, моляр деген сияқты жұмыспен айналысатын қызмет түрлеріменен кәсіпкер болып тіркелмей-ақ, тапқан табысанан 4% мөлшерде автоматты түрде әлеуметтік аударымдарға аударылады.
Шағын бизнес үшін декларация мен бөлшек салық біріктіріліп, бірыңғай салық режимі енгізіледі. Жылдық табыс шегі 600 мың АЕК немесе шамамен 2,4 млрд теңге болып белгіленді, әрі қызметкерлер санына шектеу жоқ.
Гүлнар Исаева, облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы:
- Оңайлатылған салық режиміне осы хабарлама арқылы өтуге болады. Яғни 1 қаңтардан бастап 1 наурызға дейін сіздер осы оңайлатылған салық режиміне өту үшін мемлекеттік кірістер органдарына, яғни тіркелген жерлеріңіз бойынша хабарлама берулеріңіз қажет. Алайда хабарлама берілмеген жағдайда салық төлеуші жалпыға бірдей тәртіппен рижимге көшіп кетеді.
Шаруа және фермер қожалықтары жері немесе жер пайдалану құқығы болған жағдайда арнайы салық режиміне автоматты түрде ауысады. Айтарлықтай өзгеріс болмайды: бірыңғай жер салығы жойылып, жеке табыс салығы енгізіледі. Есеп беру жеңілдеп, салық төлеу мерзімдері икемделеді.
Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Нуржан Музарапшин, Ақан Әлиев