2025 жылғы 5-6 желтоқсанда Шымкент қаласында антитеррористік оқу-жаттығу өтеді. Осыған байланысты Қазақстанның Терроризмге қарсы орталығы Шымкент тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Терроризмге қарсы орталықтың мәліметінше, оқу-жаттығу барысында террористік тұрғыдан осал объектілерде жағдайдың дамуының әртүрлі сценарийлеріне жедел әрекет ету мәселелері пысықталады.
"Осы мақсаттарда шектеу шаралары, оның ішінде автокөлік қозғалысы қарастырылған. Қала тұрғындары мен қонақтарынан осы шараға түсінушілікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және тартылған мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындауды сұраймыз", — делінген хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз