Алматыда баланы аяусыз тепкен ер адам қамалды
Оқиға Алатау ауданында болған. Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінің ауласында ер адамның баланы тепкен сә ...
Іс Грузия Қылмыстық кодексінің 214-бабының 2 және 6-бөліктері бойынша сараланған.
Грузия Қаржы министрлігінің тергеу қызметі Қазақстанның 3 азаматын кедендік ережелерді бұза отырып, мұнайдың ірі партиясын заңсыз өткізуге қатысуға күдікпен ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тергеу деректері бойынша, "Батуми мұнай терминалы" ЖШС жетекші қызметкерлері терминалдың резервуарларында сақталған салық салынбайтын 10 000 тоннадан астам шикі мұнайды жасырын өткізуді ұйымдастырған. Сатылған көлемнің құны 15 миллион лариден асады.
Жетіспейтін мұнайды жасыру үшін айыпталушылар, тергеу органының мәлімдеуінше, кедендік резервуарларды пайдалануға жарамсыз мұнай өнімдерінің қалдықтарымен толтырған. Бұл әрекет шығарылған мұнайдың нақты көлемін жасыруға мүмкіндік берді.
Тергеу қарқынды түрде жалғасуда: құқық қорғау органдары схеманың басқа да ықтимал қатысушыларын, мемлекетке келген залалдың мөлшерін және контрабандалық шикізаттың тағдырын анықтауда.
Санкциялар 11-15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.
Ал, терминалдың 100% үлесіне "ҚазТрансОйл" ие. ҚТО акцияларының 90%-ын ҚазМұнайГаз (ҚМГ) ұстап отыр.
"Батуми мұнай терминалы" ЖШҚ терминалдың барлық қызметкері жұмыс орындарында екенін хабарлайды. Терминал өз қызметін Грузия заңнамасы аясында жүзеге асырып отыр. Терминал мен оның қызметкерлерінің құқықтары мен заңды мүдделері толық көлемде қамтамасыз етіліп жатыр", – делінген ҚМГ мәлімдемесінде.
Оқиға Алатау ауданында болған. Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінің ауласында ер адамның баланы тепкен сә ...
Жыл соңында Қазақстан мұнай өндірісін қысқартпақ. Желтоқсан айында ОПЕК+ елдері мұнай өндіру көлемін тәулігіне ...
Келтірілген залал көлемі 270 мың теңгеден асады. Абай облысында күдікті жүргізуші куәлігін "алып беремін" деп ...