• 10-12-2025

Иран президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді

10-11 желтоқсан күндері Астанаға Иран Ислам Республикасының президенті Масуд Пезешкиан ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Ақорда.

"Сапар барысында тараптар жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіп, сауда-экономикалық, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-иран ынтымақтастығын одан әрі нығайту мәселелерін талқылайды", — делінген хабарламада.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз