Атыраулық студенттер өсімдік қалдықтарын кәдеге асыратын жоба ойлап тапты
Атырау университетінің студенттері құрылыс және өсімдік қалдықтарын кәдеге асыруға арналған жобаларды жүзег ...
"ҚазМұнайГаз" жобаны америкалық LanzaJet технологиялық компаниясымен бірге жүзеге асырмақ.
"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов АҚШ-қа жұмыс сапары барысында LanzaJet бас директоры Джимми Самарциспен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ұлттық компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тараптар елімізде тұрақты авиациялық отын (SAF) өндірісін құруға бағытталған екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.
Әңгімелесу барысында А.Хасенов LanzaJet компаниясымен серіктестік энергетиканың тұрақты шешімдерін дамытуға мүмкіндік ашатынын айтты. Төмен көміртекті баламалы отынды өндіру технологияларын енгізу Қазақстан үшін маңызды.
ҚМГ басшысы Джимми Самарцис мырзаға LanzaJet компаниясының Қазақстанда экологиялық авиаотын өндіретін зауыт салу жобасына қызығушылық білдіргені үшін алғыс айтты. Өз кезегінде тараптар аталған жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін (ТЭН) әзірлеуді жылдамдатуға дайын екендіктерін растады.
"Бірлескен жұмыстар төмен көміртекті даму мақсаттарына қол жеткізуге елеулі үлес қосады және жаңа технологияларды енгізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар ҚМГ-ға 2031 жылға қарай шығарындыны 2019 жылмен салыстырғанда 15%-ға қысқартуға көмектеседі. Жалпы, жоба биоотын нарығының дамуына және Қазақстанның транзиттік мүмкіндіктеріне айтарлықтай әсер етеді", – деді А.Хасенов.
Айта кетсек, бұған дейін жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі алдын ала әзірлеу кезеңінен өткізілді. Техникалық экономикалық негіздемесін дайындау биыл аяқталады.
АНЫҚТАМА:
LanzaJet – этанолдан SAF отынын алудың сертификатталған технологиясымен ("alcohol-to-jet") танымал. Компания әлемнің ең ірі All Nippon Airways, British Airways және Virgin Atlantic сынды авиакомпаниялармен SAF жеткізу бойынша ұзақмерзімді келісімдер жасасқан. LanzaJet-тің "alcohol-to-jet" технологиясы кез-келген биологиялық немесе биологиялық емес шикізаттан алынған этанолда қолданылады, сондай-ақ парниктік газ шығарындысын едәуір азайтып (95%-ға дейін) және энергия тиімділігін арттырады.