Ұлытау облысында жедел басқару орталығы ашылды
Әмбебап кешен өңірдегі 4 мыңға жуық бейнебақылау камерасын тәулік бойы қадағалайды. Бақылау құралдары көшел ...
Шымкент қаласында мектепке дейінгі мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне екі ай қатарынан міндетті әлеуметтік аударымдар жасалмағаны анықталды.
Салдарынан балабақша қызметкерлерінің зейнетақы жарналары мен міндетті медициналық сақтандыру төлемдері уақытылы түспей, жалпы берешек көлемі 860 миллион теңгеден асып кеткен. Бұл жайында тәрбиешілердің шағымы қаралған қоғамдық кеңес отырысында белгілі болды.
Жиын барысында қалалық білім бөлімі мен жергілікті атқарушы органдардың жауапты өкілдеріне кемшіліктерді жедел жою жөнінде нақты тапсырма берілді. Сонымен қатар жағдайдың себеп-салдарын анықтау үшін арнайы тексеру тағайындалды.
Бекжан Тайғашев, Қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары:
- Қарыздың қалай шыққаны, жыл басында берілген жоспар бойынша қаражаттың қайда жұмсалғаны, тиісті деңгейде жұмсалған-жұмсалмағаны туралы жұмыс жүргізіп жатырмыз. Алдағы уақытта қарызды өтеу туралы ұсыныс берілді. Бізде үнемделген қаржылар бар.
Әмбебап кешен өңірдегі 4 мыңға жуық бейнебақылау камерасын тәулік бойы қадағалайды. Бақылау құралдары көшел ...
Бұл – науқастың өз бүйрегін алып, қайта қалпына келтіріп, өз ағзасына қайта отырғызу арқылы жасалатын аса күрделі опер ...
Шымкентте тұратын 12 жастағы Әлтайыр Ерназаров соңғы жеті жылда 650 кітап оқыған, деп хабарлайды Egemen.kz. ...